Оралда 26 жастағы жігіт тоғызыншы қабаттан секіріп кетті

Фото:
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда 26 жастағы жігіт тоғызыншы қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 22 қыркүйек күні сағат 15.00-де Зачаган кентіндегі М.Мөңкеұлы атындағы көшеде болды.

«1996 жылғы тұрғын көп қабатты үйдің терезесінен секіріп, өзіне-өзі қол жұмсады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабына (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптама тағайындалды. Себептері мен оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтайтын болады», деп хабарлады ведомстводан.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, марқұм тоғызыншы қабаттан секірген.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да зорлықпен өлтірілген 32 жастағы тұрғынның мүрдесі табылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар