+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

Оралда 22 жастағы тұрғын аса ірі көлемдегі мефедронмен ұсталды

2021 жылғы 27 қыркүйек 14:38
Бөлісіңіз:
Оралда 22 жастағы тұрғын аса ірі көлемдегі мефедронмен ұсталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 22 жастағы тұрғын аса ірі көлемдегі есірткімен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, екі адам мерт болды Оралда 6 пәтерлік тұрғын үй өртеніп кетті Матрица: 2 мегаполис пен 4 облыс «қызыл» аймақта тұр

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Саратов көшесі бойында болып, 1999 жылғы П. деген азамат қолға түсті.

Оның тұрғылықты мекен-жайын тінту кезінде ашық-қоңыр түсті ұнтақ тәрізді заты бар полиэтиленді пакет тәркіленді. Сондай-ақ 2 электронды таразы, полиэтилен пакеттер, 5 дана көк және 2 дана қара түсті электрлік таспалар алынды.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар 105,37 грамм мефедрон болып шықты.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігіне (аса ірі көлемдегі есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал тұрғынының арзан көлік алам деп 400 мың теңгесінен айырылғанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT