+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Оралда 22 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды

2021 жылғы 17 қыркүйек 11:35
Бөлісіңіз:
Оралда 22 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында 22 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да 59 жастағы ер адамды өлтірген күдікті ұсталды Павлодар облысының тұрғыны қызғаныштан адам өлтіріп, 12 жылға сотталды Павлодар облысында адам өлтірді деген күдікпен ауыл тұрғыны ұсталды

Бұдан бұрын ҚазАқпарат жазғандай , Оралда орман маңынан белгісіз әйелдің мүрдесіі табылған болатын.

Кейін анықталғанындай, марқұм 1999 жылғы қыз болып шықты.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, аса ауыр қылмыстың ізі суымай ашылды.

Жедел іздестіру шаралары барысында 1994 жылғы ер адам полиция қызметкерлерінің қолына түсті.

«Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабына (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді» деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT