Оралда 215,7 млн. теңгенің мүлкі жария етілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында мүлікті жария ету жөніндегі комиссияға күні бүгінге дейін 880 адам хабарласып, кеңес алды.

Орал қаласы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, тұрғындарды негізінен жеке үйлер, пәтерлер, жер телімдері, шаруашылық құрылыстары, гараждар, саяжайлар, көлік және бизнес нысандарын заңдастыру мәселелері қызықтырады. Мүлікті жария етуге 19 өтініш жасалса, соның жетеуінен бас тартылған, 11-і оң шешілген, біреуі қарау сатысында. Оралда аталмыш науқан басталған өткен жылғы қыркүйектен бері 215,7 млн. теңгенің мүлкі жария етілді.

Соңғы жаңалықтар