Оралда 200-ге жуық отбасы баспаналы болды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Тұңғыш Президент күніне орай Оралда 198 пәтерлік 9 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған жалпы ауданы 5673,87 шаршы метр болатын жаңа үйден 198 отбасы пәтер алды.

Олардың қуанышын бөліскен облыс әкімі Ғали Есқалиевтің мәлім еткеніндей, табысы аз тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында «Нұрлы жер» бағдарламасы 2016 жылы Елбасы тапсырмасына сәйкес қолға алынған болатын. Содан бері жыл сайын көп қабатты үйлер бой көтеріп, көптеген тұрғындардың қуанышына айналуда.

Жалға берілетін жаңа үйде тұратындар екі бөлмелі пәтер үшін айына 10 мың теңгедей төлейді. Пәтер кілтін алған 198 отбасының тең жартысы – көп балалы отбасылар. Енді олар осында тұрып, жаңа пәтерлерден сәби күлкісі естіліп, жас ұрпақ өсіп-өнетін болады.

Өңір басшысының сөзіне қарағанда, биыл облыста тұрғын үй құрылысына 17 млрд, сондай-ақ инфрақұрылым желісін тартуға 3 млрд теңге бөлінді.


Қазіргі таңда Орал мен Ақсай қалаларында көп қабатты 17 және облыс аудандарында 474 үй салынуда. Сонымен қатар алдағы жылы облыс орталығындағы «Ақжайық» шағынауданында жаңа үйлер бой көтеретін болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда мектеп-лицейдің жаңа ғимаратқа көшкенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар