Оралда 2 көлік соқтығысып, екі адам жарақат алды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда 2 көлік соқтығысып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 15 қазан күні сағат 12.30-13.30 аралығында Сырым Датұлы көшесі бойында болды.

«Тамаша» мейрамханасы маңында 45 жастағы жүргізуші «ВАЗ-2113» автокөлігімен бұрылу кезінде қарсы бетте 34 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан «Шкода» автокөлігімен түйісуге жол берген.

Салдарынан «Шкода» жолдан шығып кетіп, шам орнатылған бағанды түйген.

Медициналық куәландыруға сәйкес екі жүргізуші де ішімдік ішпеген.

«ВАЗ-2113» автокөлігіндегі 1994 жылғы және «Шкода» көлігіндегі 1992 жылғы әйелдер жарақат алды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 12.54-те шақырылды. Бригада 5 минуттан кейін жетті.

Алдын ала мәлімет бойынша 27 және 29 жастағы әйелдер жабық бас-ми жарақатын алып, милары шайқалған. 29 жастағы әйелдің мұрын сүйегі сынған. Екеуі де облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда велосипед мінген адамды көлік қағып, мерт қылғанын жазған болатынбыз.






Соңғы жаңалықтар