Jańalyqtar
Оралда 2 адам таксисті ұрып, автокөлігін айдап кеткен
2020 жылғы 5 желтоқсан 20:47
Бөлісіңіз:

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда екі күдікті таксисті ұрып, автокөлігін айдап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға «Жұлдыз» шағынауданында болды.
Белгісіз екеу 24 жастағы таксиске күш көрсетіп, оның «Chevrolet Aveo» автокөлігін айдап кеткен. Сөйтіп оған 1,5 млн теңге залал келтірген.
Осы қылмысқа күдікті ретінде Орал қаласының 21 жастағы екі тұрғыны ұсталып, уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.
Автокөлікті олар Атырауда сатып жібермекші болған. Көлік Атыраудан табылып, иесіне қайтарылды.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігіне (қарақшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Орал қаласында шектеу шаралары күшейтіледі
- Нұр-Сұлтанда ер адам әйелін өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсаған
- Қостанай облысында браконьерлермен күресетін 8 мобильді топ құрылды
- Батыс Қазақстанда жол оқиғасынан бір адам қаза тапты
-
Оралда бес қабатты үйдегі өрттен 25 адам эвакуацияланды
-
Шымкентте қылмыстық топ 7,7 млрд-тан астам теңгені заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырған
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER