Оралда 1700 адам бір мезетте Құрманғазының қос күйін орындады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР ТұңғышПрезиденті алаңында «Нағыз қазақ - домбыра» атты кең ауқымды шара өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығы аясында ұйымдастырылған шараға 1700 адам қатысып, бір мезетте күй атасының «Балбырауын» және «Адай» күйлерін орындады.

Облыс аудандары мен қаладан келген орындаушылар арасында түрлі сала қызметкерлері, оқушылар мен студенттер, зиялы қауым өкілдері, барлық тілек білдірушілер болды. 

Шараға қатысқан облыс әкімі Алтай Көлгінов биыл ерекше жыл екендігін, Құрманғазы бабамыздың қос ғасырлық тойы ЮНЕСКО деңгейінде аталып жатқандығын жеткізді.

«Шынында да нағыз қазақ - домбыра. Домбыра - біздің байлығымыз, ұлттық құндылығымыз. Елбасымыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасында ұлттық өнерімізді Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де кеңінен таныту қажеттілігін атап көрсеткен болатын. Ендеше, бұған әркім де өз үлесін қоса білуі керек», деді өңір басшысы.

Соңғы жаңалықтар