00:41, 16 Қараша 2019 | GMT +6
Оралда 17 жасар бозбала төртінші қабаттан секіріп кетті
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда 17 жасар бозбала төртінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға 14 қараша күні Әбілқайыр хан даңғылы 153-мекенжайында орын алды.
Бозбала қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Алайда жансақтау бөлімінде көз жұмды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, мән-жайы анықталып жатқанын жеткізді.