Оралда 144 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Орал қаласына қарасты Зачаган кентінде 144 пәтерлік, тоғыз қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Тәуелсіздіктің торқалы тойы қарсаңында тұрғындарды жаңа қоныстарымен құттықтаған облыс әкімі Алтай Көлгіновтің атап өткеніндей, еліміз егемендік алғаннан бері елеулі өзгерістер болып, халқымыздың әл-аухаты жыл санап жақсаруда. Елбасымыздың тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту жөніндегі тапсырмасы да ойдағыдай орындалуда. Жаңа үйлерді беру жыл аяғына дейін жалғасады.

null 

«Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес республикалық бюджеттен бөлінген 1,1 млрд. теңгеге салынған аталмыш үйдің көлемі - 10 мың шаршы метр. «СВ Плюс» ЖШС тұрғын үйді екі жылда салып бітірді. Тұрғын үйдегі 144 пәтердің тең жартысы кезекте тұрған азаматтарға берілсе, қалғанын «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» салымшылары иеленді.

Салтанатты жағдайда көп балалы және жас отбасыларға жаңа пәтер кілттері табыс етіліп, олар қамқорлығы үшін Елбасына ризашылықтарын білдірді.

Тұрғындардың қуанышына ортақтасқан өңір басшысы олардың бірқатарының жаңа пәтеріне кіріп, құтты болсын айтуды да ұмытқан жоқ.

null 

Соңғы жаңалықтар