Оралда 14 және 15 жасар екі жеткіншек балалар үйінен қашып кеткен

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында балалар ауылының екі тәрбиеленушісі жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

25 қыркүйек күні Орал қаласы Зачаган кентінің полиция кезекші бөліміне облыстық балалар ауылының басшылығы шағымданып келген. Айтуларынша, кәмелет жасына толмаған екі жеткіншек ауылдан қашып кеткен.

Олар - 2005 жылы 19 мамырда туған Сергей Таишев және 2006 жылы 10 қыркүйекте дүниеге келген Илья Шканов.

Сергейдің бойы - 160-165 см, шашының түсі - ақшыл сары. Үстінде қара түсті спорт жейдесі, көкшіл футболка, көк джинсы, аяғында қара кросс болған.

Ильяның бойы - 158-160 см, арықша келген, көзінің түсі - қара, шашы қысқа қырқылған, қара түсті. Үстінде ақ көйлек, күңгірт көк түсті шалбар, қара туфли болған.

Олар 24 қыркүйек таңғы сағат 10:00 шамасында Орал қаласындағы балалар ауылынан шығып кеткеннен қайтып оралмаған.

Балалар жайлы қандай да бір мәлімет білетін жандар мына нөмірлер арқылы Орал қалалық полиция бөліміне хабарласа алады: (8-7112) 21-17-19, 28-33-96, 92-18-04, 98-44-53 немесе 102.


Соңғы жаңалықтар