Оралда 123 қару балқытылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін «КазАрмаПром» ЖШС зауытында 123 қару, екі электрошокер балқытылды.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 106 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, бір шолақ мылтық, 11 газды тапанша, 3 пневматикалық, 1 травматикалық қару, 3 заттай айғақ жойылды. Бұлар - азаматтар өз еріктерімен тапсырған және тәркіленген қарулар.

Жыл басынан бері осымен мұндай шара төртінші рет өткізіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар