Оралда 10 жасар қыз бала көлік астында қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 тамыз күні Оралда Нан зауыты ауданында, Молдағұлова көшесінің бойында жолдан өтіп бара жатқан 10 жасар қыз баланы көлік соғып кетті, деп хабарлайды «Мой ГОРОД».

 «Қыз балалар жолды кесіп өтіп бара жатты. Осы сәтте көліктер екі қатар болып келе жатқан. Қыздар жол ортасында тұрып қалды. Сол жақ жолақтағы көлік балаларды өткізіп жіберу үшін тоқтады, ал оң жақтағы көлік олардың бірін қағып кетті. Қыз бала оқиға орнында көз жұмды», - дейді куәгер Владислав есімді жігіт.

«Понтиак» көлігінің жүргізушісі алдындағы көліктің далдасында қалған баланы байқамай қалды, дейді ол.

ФОТО: mgorod.kz 

 

Соңғы жаңалықтар