+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

Оралбай Әбдікәрімов: Қандастардың құжат жұмысын уақтылы орындамағандарды жауапқа тарту керек

2019 жылғы 26 қыркүйек 18:11
Бөлісіңіз:
Оралбай Әбдікәрімов: Қандастардың құжат жұмысын уақтылы орындамағандарды жауапқа тарту керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет және қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімов «Шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасына қатысты өз ұсынысын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қандастарға қатысты құжат жұмыстарын уақтылы орындамаған мемлекеттік органның қызметкерлері тиісті жауапкершілікті көтеру керек. Яғни, нақты шара қабылдамасақ, бұл жағдай созыла береді. Үш, төрт, бес жыл бойы азаматтық ала алмай жүрген қандастардың барын білеміз. Міне, уақыт созбау үшін тиісті міндетін дұрыс атқармаған жауапты қызметкерлерді жұмыстан босатуға дейінгі шараны Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі кодекске енгізу керек. Сонда ғана мәселені реттеуге болады деп ойлаймын. «Шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын әзірлегенде осы мәселеге назар аударылса деймін», - деді Оралбай Әбдікәрімов елордадағы «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы Қоғамдық комиссиясының отырысында.

Айта кетсек, бүгін «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы Қоғамдық комиссиясы «Шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасын талқылады. Жиын барысында «Отандастар қоры» шетелдегі қандастарға Қазақ картасын Қазақстанның басқа мемлекеттердегі елшіліктері арқылы беруді ұсынды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT