Орал тұрғыны жертөлесінде есірткі өсірген

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралдық тұрғын жертөледе есірткі өсіріп, заңсыз сақтап келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш дерек «Көкнәр» және «Допинг» жедел алдын алу шарлары барысында анықталды.

1992 жылғы тұрғын Зачаган кентіндегі «Восход» гараж кооперативіне қарасты гараждардың бірінде есірткі заттарын заңсыз өсіріп, сақтағаны үшін ұсталды.

Гараждың жертөлесінде қарасора өсіру үшін барлық жағдай жасалған. Жертөленің қабырғалары пенофолмен оқшауланып, ауа айдайтын вентиляция іске қосылған. Жасанды жарықтандыру (фитолампа) қойылып, қажетті температураны ұстап тұру үшін радиатор орнатылған.


Тінту кезінде өсірілген қарасора мен пайдалануға дайын тұрған марихуана табылды.

Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес шамамен 600 грамм марихуана және 3 түп қарасора бұтасы тәркіленді.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігіне сәйкес (құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.




Соңғы жаңалықтар