Орал тұрғыны жалған шот-фактура жазып, мемлекетке 360 млн теңге залал келтірген

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал тұрғыны мемлекетке 360 млн теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Орал тұрғынының шот-фактура жазып, заңсыз әрекеттер жасағанын анықтады.

Күдікті кәсіпорынның сауықтыруды басқарушысы бола отырып, ЖШС атынан бірқатар компаниялармен жалған мәміле жасасқан.

Ол тауарлар, қызметтер мен олардың көлемі туралы жазып берілген шот-фактурада жалған мәліметтерді көрсеткен.

Мемлекетке келген залал сомасы - 360 млн теңгеден астам.

Сот Орал қаласы тұрғынын ҚК 216-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.


Соңғы жаңалықтар