+7 (701) 759 90 19
USD 417.9 EUR 503.07
RUB 5.64 CNY 64.7
Jańalyqtar

Орал тұрғыны өзге елден автокөлік айдап келемін деп 2 млн теңге жымқырған

2021 жылғы 22 қаңтар 12:07
Бөлісіңіз:
Орал тұрғыны өзге елден автокөлік айдап келемін деп 2 млн теңге жымқырған

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал тұрғыны өзге елден автокөлік айдап әкеліп беремін деп 2 млн астам теңге жымқырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде бір апта ішінде 3268 қылмыс тіркелді Страсбургте қоғамдық көлік балалар үшін тегін болады Жамбыл облысында қызметтік ит 38 жастағы әйелдің сарайынан есірткі тапты

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 21 жастағы К. тұрғындарға басқа мемлекет аумағынан автокөлік айдап келемін деп уәде беріп, суретін әлеуметтік желілерге салған.

Өздеріне ұнаған автокөлікті алуды тездету үшін алдын ала ақы сұраған. Оған қоса көлік құралдарын жөндеуге де өз қызметін ұсынған.

Осылайша алаяқ Орал қаласы тұрғындарының 2 млн астам теңгесін иемденіп кеткен.

Полиция қызметкерлерінің жедел іс-қимылы нәтижесінде күдікті анықталып, қазір ол қамауда отыр.

Жәбірленушілерге шығындары өндірілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тіркелмеген діни бірлестіктің заңсыз қызметі әшкереленгенін, жаңадан қабылданған тәртіп сақшыларының ант бергенін жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT