Орал тұрғыны әйелін тұтқынға алды: полиция келіссөз жүргізіп жатыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпрат – Оралда ер адам өз әйелін тұтқынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, бүгін сағат 13:10-да 102 нөміріне ер адамның нотариус кеңсесінде есікті жауып, әйелін ұстап отырғаны туралы хабар түскен. Ер адамның қолында пышақ пен гранатаға ұқсас зат бар. Оқиға орнына барлық жедел қызметтер шұғыл жетті.

Бесқабатты тұрғын үйдің барлық тұрғыны эвакуацияланып, үйдің аумағы қоршауға алынды.

Полиция қызметкерлері ер адаммен келіссөз жүргізуге тырысып бағуда.

Оқиға орнында Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Серік Сүйінбаев жүр.

Ер адамның кім екені анықталды. Қазіргі таңда ерлі-зайыптылардың ажырасып жатқаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар