Орал тұрғыны әйелге пышақ салып, өзін де ауыр жарақаттады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда 24 жастағы тұрғын әйелге пышақ салып, өзін де ауыр жарақаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 26 сәуір күні сағат 10.00 шамасында болды.

Әбубәкір Кердері көшесі 92-үйдің ауласында 1995 жылғы А. деген азамат 1989 жылғы А. есімді азаматшаға пышақ жарақаттарын салған.

Аталған оқиға бойынша Абай полиция бөлімі ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігіне сәйкес (қасақана ауыр дене жарақатын келтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жігіт содан кейін өзіне де қол жұмсаған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, әйел көптеген пышақ жарақатын алған. Жігітте де сондай жарақат бар.

«Жағдайлары ауыр, облыстық көпбейінді ауруханада жатыр, ота жасалды», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда үш автокөлік түйісіп, бір адамның жарақат алғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар