+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Орал тұрғыны арзан көлік сатып алам деп 400 мың теңгесінен айырылды

2021 жылғы 25 қыркүйек 16:48
Бөлісіңіз:
Орал тұрғыны арзан көлік сатып алам деп 400 мың теңгесінен айырылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласының тұрғыны автокөлік аламын деп, 418 мың теңгесінен айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда алаяқ қайтыс болған 5 жасар қызды жерлеуге ақша жинамақ болған Алматыда интернет алаяқтарды анықтайтын арнайы топ құрылды Алматыда әлеуметтік желі арқылы елді алдаған екі жас жігіт ұсталды

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, облыс аумағында интернет алаяқтық деректері көбейіп кетті.

Әсіресе, Ресейдегі алаяқтар kolesa.kz сайтында автокөліктерді нарықтағыдан төмен бағамен сату туралы хабарландыру таратуда.

23 қыркүйек күні белгісіз адам аталған сайт арқылы «Тойота Камри 40» автокөлігін 418 мың теңгеге сату туралы хабарландыру орналастырған.

Бұған сенген оралдық тұрғын алаяқпен WhatsApp арқылы байланысқа шыққан. Алаяқ ҚР аумағында тіркелмеген абоненттік нөмірді пайдаланған.

Содан кейін ұзақ әңгімелесу арқылы автокөлікті Ресейден алып келемін деген желеумен оралдық тұрғынның сеніміне кірген белгісіз адам оның 418 мың теңгесін иемденіп кеткен.

Осыған орай БҚО полиция департаменті алаяқтардың сөзіне сеніп, алданып қалмау, сақ болу керектігін тұрғындар есіне салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да тұрғынның мас күйінде «полицей көлігін» ұрлап кеткенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT