Орал трансформатор зауыты қиын жағдайға тап болған отбасыларға 2,5 млн теңге бөлді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал трансформатор зауыты «Болашақ» қауымдастығы кеңесі мүшелерінің қолдауымен төтенше жағдай кезінде қиын жағдайға тап болған отбасыларға 2,5 млн теңге бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО бойынша «Болашақ» қауымдастығының төрайымы Салтанат Тұманбаеваның айтуынша, бұдан бұрын аталған кәсіпорын аз қамтылған 60 отбасыға, соның ішінде осы трансформатор зауытында жұмыс жасайтындарға қайырымдылық көмегін көрсеткен еді.

25 сәуір, сенбі күні алдымен «Шаңырақ» жасөспірімдер үйіндегі 64 отбасыға қолдау жасалды.

Оған қоса қауымдастық еріктілері қаладағы аз қамтылған 136 үйді аралап, азық-түлік себетін табыс етті.

Осылайша барлығы 200 отбасыға жәрдем берілді.

Азық-түлік себетіне аса қажетті тауарлармен қатар тұрмыстық тазалағыш заттар мен жеке гигиена құралдары кіреді. Оған қоса «Шаңырақ» жасөспірімдер үйіне сонда тұратын балалардың онлайн сабағын оқуына қажетті теледидар сыйға тартылды.

Айта кеткен жөн, құрамына «Орал трансформатор зауыты» ЖШС кіретін «Alageum Electric» компаниялар тобы коронавирус індетімен күреске 100 млн теңге қарастырды. Соның ішінде «Birgemiz» республикалық қорына және еліміздің өзге өңірлеріне қаражат бөлінді.

Еске сала кетейік , бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 1400-ге жуық адамның үйде оқшауланғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар