Орал мен Ақсай қалаларында 87,5 мың құқықбұзушылықтың жолы кесілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО жол-патрульдік полициясы 2014 жылы көмек сұраған азаматтардан 17,5 мың шақырту алып, 11 мың мас пен есірткіге елтіген 62 адам көшелер мен қоғамдық орындардан әкетілді.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Орал және Ақсай қаласы көшелері мен қоғамдық орындарында 87,5 мың құқықбұзушылықтың жолы кесілді. Іздеуде жүрген 28 қылмыскер мен 9 мыңнан астам құқық бұзушы ұсталды. 485 көше қылмысының ізі суымай ашылса, соның ішінде 2 қарақшылық, 3 кісі өлтіру, 11 ауыр дене жарақатын салу, 15 адам зорлау, 32 автокөлік құралын айдап кету, 96 кісі тонау, 114 бұзақылық, 212-сі - басқа қылмыстар. Құқық бұзушылардан 1157 пышақ, кастет сынды кесетін қарулар, 99 бита мен дубинка, 30 травматикалық қару тәркіленді.

Алдын алу жұмыстары нәтижесінде көше қылмысы 15,5 пайызға қысқарды. Қылмыстардың ашылу деңгейі, соның ішінде кісі тонау - 16,9, бұзақылық - 22,8, автокөлік құралдарын айдап кетуді ашу 17 пайызға жақсарды.

Мал тиеген 3869, темір қалдықтарын тиеген 434 автокөлік тексерілді. Бұл мал ұрлығының 20,7, металл жымқырудың 50 пайызға азаюына мүмкіндік берді. Бұл қылмыстардың ашылу деңгейі де сәйкесінше 11,6 және 8,7 пайызға өсті.

Жыл бойы жол қауіпсіздігіне ерекше мән берілді. Рульге мас күйінде отырған 2372, автокөлік әйнегін күңгірттеген 2977, жалған нөмір таққан 379 жүргізуші ұсталды. Айдап кетілген немесе жол-көлік оқиғасы орнынан бой тасалаған 62 машина да алысқа ұзамады. Осының бәрі жол-көлік оқиғаларының 29,6, соның салдарынан қаза тапқандардың 16,0, жараланғандардың 16,8 пайызға төмендеуіне әсерін тигізді. Кісі өліміне соқтырған жол апатын ашу 16,8 пайызға жақсарды.

Соңғы жаңалықтар