Орал мен Ақсай қалаларында 6 көппәтерлік тұрғын үй салынуда

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал мен Ақсай қалаларында 6 көппәтерлік (666 пәтер) және аудандарда 37 бір пәтерлік тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.

БҚО экономика және бюджетті жоспарлау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, өткен жылы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 6,2 млрд. теңге бөлініп, игерілді. 2014 жылы 7 көппәтерлік тұрғын үй (616 пәтер), соның ішінде Орал мен Ақсайда жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға 2 үй (135 пәтер), жас отбасылар үшін 2 үй (180 пәтер), Қазақстан Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі қатысушыларына арналған 3 үй (301 пәтер), сондай-ақ облыс ауылдарында 44 бір-екі пәтерлік тұрғын үй (47 пәтер) пайдалануға берілді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы қолға алынғаннан бері өңірде 1,5 млрд. теңгеге 178 көппәтерлік тұрғын үй жөндеуден өткізілді.

Соңғы жаңалықтар