Орал қаласының тұрғыны героинмен қолға түсті

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Облыстық ішкі істер департаменті есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері «Допинг» жедел алдын алу шарасы барысында Орал қаласындағы А.Скоробогатов көшесі бойынан З. деген 1983 жылғы азаматшаны ұстады.

Департаменттің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, З-дан сараптама қорытындысына сәйкес 3,91 грамм героин тәркіленді.

ҚР ҚК 132-бабына сәйкес қылмыстық  іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар