Орал қаласының орта мерзімді даму жоспарына сәйкес тиісті жұмыстар жалғасатын болады

None
None
ОРАЛ. Қазанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласы әлеуметтік-экономикалық дамуының 2009-2011 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарына сәйкес тиісті жұмыстар жалғасатын болады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың  кезекті 11-сессиясында айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы сегіз айдың өзінде өнеркәсіптің өсу қарқыны 6,1 пайызды құрап, өндіріс көлемі 34 млрд. теңгеден асты. Дағдарысқа қарамастан, жаңа өндіріс ошақтары ашылып, іске қосылды. Ауыл шаруашылығында мал шаруашылығы саласы бойынша өндіріс көлемі артқанымен, ал егін ауа райына байланысты шықпай қалды. Сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер бөлген несие мөлшері әжептәуір азайғандықтан, шағын кәсіпкерліктегі өнім көлемі де кеміп, қала экономикасына құйылатын инвестиция азайған. Биыл бюджеттік қаржы есебінен 35 жобаны 10 млрд. теңгеге жүзеге асыру көзделгенімен, нақты жұмыс 5 млрд. теңгеге орындалды.

Республикалық бюджет есебінен Желаев кентінде 360 орындық мектеп пайдалануға берілсе, қаланың басқа аудандарында үш бірдей денсаулық сақтау нысаны салынуда. «Жүз мектеп, жүз аурухана» бағдарламаға сәйкес несиелік үйге 412,7 млн. және коммуналдық ( жалға берілетін ) үйге 409,4 млн. теңге қарастырылып, қазіргі уақытта көп пәтерлі үйлер бой көтеруде.

Инженерлік желілерді дамытуға 1273 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды. Жергілікті бюджет есебінен Желаев кентінде салынуы тиіс мәдениет үйі мен кітапхана және балалар үйіндегі көкөніс қоймасының құрылысы кейінге шегеріліп, бұл жобалар 2010 жылға жылжытылды. Сондай-ақ «Жол картасы» бойынша жұмыстар алдағы жылы жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар