Орал қаласының мектептері бір аптаға жабылды

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда тыныс жолдары жіті вирусты инфекциясының  көбейіп кетуіне байланысты қаланың барлық мектептері қарашаның 27-сінен желтоқсанның 4-іне дейін жабылды.

БҚО бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Серікбай Иманқұлдың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл шара аталмыш ауруды одан әрі таратпау мақсатында жасалып отыр. Өйткені кейбір мектептерде ауырғандардың саны 50 пайызға жеткен. Ал тұмау қалада тіркеле қойған жоқ.

Соңғы жаңалықтар