
2009 жылғы 29 қазан 14:47
Орал қаласының бюджеті 1 миллиардтай теңгеге нақтыланды
ОРАЛ. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қалалық мәслихатының кезектен тыс, 22-сессиясы болып, онда қала бюджеті нақтыланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала бюджетінің кіріс бөлігі республикалық және облыстық қазына қаржысы және салықтық түсімдер есебінен 1 миллиардтай теңгеге көбейді. Осының басым бөлігі қаланы жылумен және сумен қамту жүйесіне жұмсалмақ. Атап айтқанда, «Жайықжылуқуат» АҚ-ға - 650 млн., «Орал су арнасы» МКК-ға 75 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне - 80 миллиондай, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне - 21 миллионнан астам, ішкі саясатқа 1 млн. теңге берілді. Басқа әлеуметтік маңызды нысандар да ұмыт қалған жоқ.
Jańalyqtar

00:14

кеше 23:24

кеше 22:53

кеше 22:45

кеше 22:20

кеше 22:05

кеше 21:33

кеше 21:15

кеше 21:05

кеше 20:48

кеше 20:27

кеше 20:25

кеше 20:06

кеше 19:56

кеше 19:44

кеше 19:26

кеше 19:19

кеше 18:56

кеше 18:53

кеше 18:48