Орал қаласының білім беру қызметкерлері тамыз мәслихатында бас қосты

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласының білім беру қызметкерлері тамыз мәслихатында бас қосып, жаңа оқу жылына орай басты мақсат-міндеттерді белгіледі,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әсіресе, он екі жылдық білім беруге дайындық, ұстаздар біліктілігін көтере отырып, жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана білу жайына айрықша назар аударылды. Кеңеске қатысқан Орал қаласының әкімі Самиғолла Оразов білім беру саласына елімізде үлкен қолдау көрсетіліп отырғанын атап көрсетті. Мәселен, қыркүйектің 1-інде Оралға қарасты Желаев кентінде республикалық бюджет есебінен салынған жаңа мектеп өз есігін айқара ашатын болса, қаладағы білім ордаларын күрделі жөндеудің өзіне биыл 580 миллионнан астам теңге бөлінді. Отыздан астам мектеп мультимедиалық кабинеттермен қамтамасыз етілді. Басқа да керек-жарақ, құрал-жабдықтар сатылып алынуда. Өкінішке қарай, салада кемшіліктер де жоқ емес. Айталық, биылғы ҰБТ қорытындысы бойынша қала мектептері түлектері 78 балл жинап, бұл жағынан облыстың орта көрсеткішінен де қалып қойды. Сондықтан шәкірттер білімін көтеру үшін нақты шаралар алу қажет-ақ.

Жиын соңында озат ұстаздарға қала әкімінің алғысхаттары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар