Орал қаласының әкіміне сөгіс жарияланды
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда 10 жасар қыздың қазасынан кейін жол қауіпсіздігі шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың сессиясы кезінде өңір басшысы Ғали Есқалиев мәлім етті.
«Соңғы кездегі жол-көлік оқиғаларының көбеюі бәрімізді алаңдатып отыр. Әсіресе, қаршадай қыздың қыршын кетуі қабырғамызға аяздай батты. Жол апаты көшенің жарықтандырылмаған, қараңғы тұсында орын алды. Осы оқиғаға байланысты Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековке сөгіс жарияланды. Жол қауіпсіздігін қатаң қадағалауды сондай-ақ БҚО полиция департаментіне тапсырамын», деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.
Оған қоса облыс әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаев жетекшілік ететін ведомствоаралық сарапшы топ құрылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 10 жасар қызды қағып, қашып кеткен жүргізушінің ұсталғанын, ал қыздардың мәйітін ауыстырып жібергендердің жауапқа тартылғанын жазған болатынбыз.
- Шымкентте «Ел бақытын тербеткен - Тəуелсіздік» мерекелік жиыны өтті
- Петропавлда 10 мың адамға қызмет көрсететін отбасылық денсаулық орталығы ашылды
- БҚО-да «КамАЗ» көлігі өртеніп кетті
- БҚО-да полиция қызметкері қағып кеткен ер адам көз жұмды
-
Қарағанды облысында лифтіні қалпына келтіру бойынша бағдарлама іске қосылды
-
Алматы кәсіпкерлерін қолдауға 30 млрд теңге бөлінеді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам