Орал қаласында жыл басынан бері 4801 адам жұмысқа орналасты

None
None
ОРАЛ. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында жыл басынан бері 4801 адам жұмысқа орналасты.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл - өтініш білдіргендердің 63,9 пайызы. Өткен жылғы тоғыз айда облыс орталығында бұл көрсеткіш сәйкесінше 3085 және 66,3 пайыз болған еді. Қазіргі кезде тіркелген жұмыссыздар саны - 890 адам (өткен жылы осы мерзімде - 912). Өткен жылы орташа жалақы 55266 теңге болса, биыл 62 мың теңгеге жетті.

Орал қаласында тұратын халық саны - 246937 адам (өткен жылы осы мерзімде 242079).

Соңғы жаңалықтар