Орал қаласында «Жол картасына» сәйкес алаңдар мен гүлзарлар, әлеуметтік нысандар ретке келтірілуде

None
None
Л. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында «Жол картасына» сәйкес алаңдар мен гүлзарлар, әлеуметтік нысандар ретке келтірілуде,

 

 

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс орталығындағы алаңдар мен гүлзарларды абаттандыруға республикалық бюджеттен 106,3 млн., жергілікті қазынадан 37,9 млн. теңге бөлініп, оның едәуір бөлігі игерілді. Мәселен, Сырым Датұлы алаңында 164 адам жұмыспен қамтылып, субұрқақ пен жаяу жүргінші жолдары қалпына келтірілмекші. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 64696 мың, облыстан 17981 мың теңге қаралған. Теміржол вокзалы маңындағы В.Чапаев алаңында да жұмыс қызу жүргізілуде. Мұнда 95 жаңа жұмыс орны ашылып, бөлінген 22985 мың теңгенің 10354 мыңы игерілген. Бұл екі нысанды «Құрылыс сервис» мекемесі ретке келтіруде.

Қаладағы №5 кәсіптік лицейде кадр даярлау жұмысы жолға қойылса, ұзақ уақыттан бері жөндеу көрмеген №16 мектеп ғимаратының есік-терезесі жаңадан салынып, төбесі қайта жабылған. Мұнда 105,7 млн. теңге қаралса, соның 89 967 мың игерілген. «Отделстрой» ЖШС жүргізіп жатқан жөндеу жұмыстарына екі жүзге жуық адам тартылды. Сондай-ақ №3 қалалық емхана күзде өз есігін қайта ашатын болады. «АлТим» құрылыс фирмасымен 181,9 млн. теңгеге күрделі жөндеу жөнінде келісім жасалған. Мұнда 394 жұмыс орны бар. Бөлінген қаржыға жаңадан медициналық құрал-жабдықтар да алынбақшы. Тарихи Карев үйінде орналасқан Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония «Жол картасы» арқасында бір жасап қалмақ. Мұнда 71749 мың теңгенің 47641 мыңы жұмсалса, 153 жұмыс орны ашылған. Мердігерлік жұмысты «Орал Сервис Строй» ЖШС атқаруда.

Соңғы жаңалықтар