Орал қаласында «Жол картасына» сәйкес алаңдар мен бақтар, көше-аулалар абаттандырылуда

None
None
Л. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында «Жол картасына» сәйкес көшелер мен алаңдар, бақтар абаттандырылуда,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қаласының әкімі Самиғолла Оразовтың сөзіне қарағанда, мысалы, Александр Пушкин ескерткіші тұрған жер 30 млн. теңгеге ретке келтірілуде. Жұбан Молдағалиев бағына 53 млн. теңге жұмсалуда. Сол секілді Сырым Датұлы, Мәншүк Мәметова, Василий Чапаев алаңдары да жөнделуде. Мұнда субұрқақтар жұмыс жасайтын болады.

Қалада көпқабатты үйлер аулалары қалыпқа келтіріле бастағанына биыл үшінші жыл. Осыған дейін 120-дай аула абаттандырылса, 72-сінің тағы кезегі келіп тұр. Бұл мақсатқа 700 млн. теңге кетпек. 90 млн. теңге апатты үйлерді жөндеуге жұмсалып отыр. Осындай он тоғыз үй ретке келтірілетін болса, соның тоғызы - жатақхана.

Облыс орталығына қарасты кенттер де ұмыт қалмақ емес. Айталық, Зачаган кентінің мұқтажына 900 млн. теңге қарастырылды. Мұнда екі басты көшеге қатқыл табанды жол төселіп, кентті сумен қамту мәселесі де шешілетін болады.

Соңғы жаңалықтар