Орал қаласында жас жігіт Жайық өзеніне батып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жас жігіт Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін Шымкент көшесі тұсында болды. Сағат 16.00-де Жайық өзеніне шомылуға жабдықталмаған жерден түскен 1994 жылғы жігіт батып кетті.

Жедел құтқару жасағының күшімен (5 құтқарушы, 1 жүзу құралы, 1 техника) марқұмның денесі сағат 18.30-да судан шығарылды.

Осымен өңірде жыл басынан бері 30 адам суға кетсе, соның 10-ы - бала.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да ер адам жиенін құтқарамын деп екеуі де суға кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар