Орал қаласында жас жігіт көпірден секіріп кетті

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында жас жігіт көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожиннің айтуынша, оқиға 31 мамыр күні кешкісін «Динамо» спорт базасы маңындағы Шаған өзенінен өтетін көпірде болған.

Сағат 20.39-да шақырту түскен.

«Көпірден секіріп кеткен 23 жастағы жігіт жағаға қарай жүзіп келе жатқан. Оған шұғыл жеткен полиция қызметкерлері көмектесіп, шамамен сағат 20.59-да жағаға шығарып алған. Денесі тоңазыған. Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Нұрғожин.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің нақтылауынша, аталған тұрғын облыстық ауруханаға жеткізілген.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 48 жастағы әйелдің 10 күннен бері іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар