Орал қаласында жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Тамыздың 28-інде, Конституция күні қарсаңында  Орал қаласының Солтүстік-Шығыс ықшамауданында 216 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа үйге Ұлы Отан соғысының ардагерлері, «ауғандықтар», батыр аналар мен жетім балалар үйлерінің түлектері қоныстанбақ. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов салтанатты рәсімде Елбасы мен Қазақстан Үкіметі, облыс әкімдігі тарапынан әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға ұдайы көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Өткен жылы балалар үйлері түлектерінің облыс басшысымен кездесуінде оларға 50 пәтер бөлгізуге уәде етілсе, бұл қазір орындалып отыр. Сондай-ақ алдағы жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығы тойланбақ. Осыған орай майдангерлер де ұмытылмақ емес. Биыл қыркүйек айында тағы бір 240 пәтерлік әлеуметтік тұрғын үй құрылысы басталып, ол келесі жылдың ортасына қарай аяқталмақ. Одан балалар үйлері түлектеріне тағы да елу пәтер бөлінеді. Өзге де қамқорлыққа мұқтаж жандар тұрмыстық жағдайын жақсартуға мүмкіндік алады.

Соңғы жаңалықтар