+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Орал қаласында төрт емхана карантинге жабылды

2020 жылғы 25 мамыр 14:31
Бөлісіңіз:
Орал қаласында төрт емхана карантинге жабылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында төрт емхана карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында карантин: Дүкен мен дәріханадан басқаның бәрі жабылады Сәбина Садиева: Вирустың таралуына тосқауыл қою - азаматтардың ерікті қатысуына да тәуелді Ақтөбе полициясы карантин талабын бұзғандарды анықтады

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың айтуынша, Орал қалалық бас мемлекеттік санитарының қаулысына сәйкес №2, №3, №4 және №5 емханада уақытша карантин жарияланды.

«Бұл мекемелерге коронавирус жұқтырған науқастар келіп, қызметіне жүгінген. Қазіргі уақытта залалсыздандыру жұмыстары толықтай жүргізілді. Емхана қызметкерлерінен алынған тест теріс нәтиже көрсеткен жағдайда аталған мекемелер қайта ашылатын болады. Дегенмен жедел жәрдем мекенжайлар бойынша қызмет жасай береді», деді Н.Мұстаев.

Облыста барлығы 93 ауру ошағы тіркеліп, науқастармен 1115 адамның, соның ішінде 597-сінің жақын байланыста болғаны анықталды.

Өңірде індетке қарсы күрес жалғасуда. Облыста 414 науқас анықталса, соның 377-сі Орал қаласының үлесіне тиеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-ның екі балабақшасында 2 қызметкерден коронавирус анықталғанын жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT