ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ-2022

Орал қаласында төбелеске қатысқан ресейліктер елден шығарылды

2022 жылғы 4 қазан, 21:29
Орал қаласында төбелеске қатысқан ресейліктер елден шығарылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында төбелеске қатысқан ресейліктер елден шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, тәртіп сақшылары ҚР заңнамасын бұзған РФ азаматтарын республика аумағынан шығарып жіберу туралы әкімшілік соттың шешімін орындады.

«Полиция қызметкерлері «Сырым» шекара бекеті арқылы екі ресейлікті елден шығарды. Сонымен қатар төбелеске қатысқан тағы екі ресейлік әкімшілік қамаққа алу мерзімі аяқталғаннан кейін ҚР аумағынан шығарылады», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда түнгі клубтың жанында төбелеске қатысқан Ресей азаматтары бес тәулікке қамалғанын, олардың Қазақстаннан шығарылатынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында шекарадағы жағдай тұрақталды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar