Орал қаласында «Салтанат» балабақшасы пайдалануға берілді

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қыркүйектің 1-інде Орал қаласында 280 орындық «Салтанат» балабақшасы пайдалануға берілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш нысанды салуға шетелдік инвестиция есебінен 480,3 млн. теңге қаржы бөлінді. Балабақшада 12 топ ашылмақшы.    

Балабақшаның ашылу салтанатында облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  әкімдерге толыққанды балабақша желісін қайта құру жөнінде тапсырма бергенін атап өтті. Соған сәйкес өңірде балабақшалар желісі кеңейіп, қала мен ауылдық жерде жаңадан салынып немесе жекелерге сатылып кеткен балабақшалар қайтарылып, жөнделіп, ашылып жатыр. Тек өткен жылы Орал қаласында екі әрқайсысы 280 орындық бүлдіршіндерге арналған және 140 орындық «Айналайын» балабақшасы ашылды. Ал биыл қаңтар айында қаланың «Кеңдала»  шағын ауданында  175 орындық  «Жазира»,  маусымда «Солтүстік-Шығыс-2» шағын ауданында 240 орындық «Шұғыла» балабақшалары ашылды. Сонымен қатар «Салтанат» балабақшасы үлгісіндегі 280 орындық тағы бір балабақша салынуда, оның құрылысы жыл аяғына дейін аяқталады. Бұл - 2009 жылы барлығы мыңға тарта балаға арналған балабақшалар іске қосылады деген сөз. Қазіргі кезде қалада мектепке дейінгі  43  балалар мекемесі жұмыс жасайды.

Бүгінде облыста мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы санының 51,5 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.  Республика бойынша бұл көрсеткіш - 36,5 пайыз.

Соңғы жаңалықтар