Орал қаласында ірі қойма өртеніп кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында ірі қойма өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 10 қыркүйек күні қалаға қарасты Желаев кентінде болды.

Сағат 02.12-де қойманың жанып жатқаны жөнінде хабар түсті.

Оқиғаны барлау барысында «Али» ЖК аумағында металл конструкцияларынан жасалған, негізгі қоймаға жапсарлас орналасқан қойма және қайта өңдеу орнына жөнелту үшін жиналып қойылған макулатураның өртеніп жатқаны анықталды.

Өрттің аумағы 648 шаршы метрді құрады.

Оқиға орнынан сыйымдылығы 40 литрлік 4 оттегі, 50 литрлік 1 газ баллоны, сондай-ақ 1 автотиегіш дер кезінде шығарылды.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Тілсіз жау» БҚО ТЖ департаментінің күшімен (29 қызметкер, 9 техника) сағат 06.36-да толықтай ауыздықталды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жанармай стансасы маңында автокөлік өртеніп кеткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Оралда жоғалып кеткен 65 жастағы ер адамның үш күннен кейін денесі табылды.





Соңғы жаңалықтар