Орал қаласында есірткі затын сатумен айналысқан студент ұсталды

None
None
ОРАЛ. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі затын өткізумен айналысқан педагогикалық колледждің 3 курс студентін анықтады.

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, іс-шара барысында  белгілі болғанындай, ол 3 ақпан күні Гагарин көшесі аялдамасында 10,42 грамм марихуана есірткі затын сатқан.  Ал 25 ақпан күні  Досмұхамедов көшесі мен Достық даңғылының қиылысында аталған есірткі затының  2,01 грамын өткізген.

Полицейлер 3 сәуір күні есірткі сатушыны ұстау мақсатында тұрғылықты мекенжайын тексерген кезде,  7,2 грамм марихуана тәркіленген. Сондай-ақ  үш ұялы телефон мен сонша алтын бұйым табылған. Күдіктінің бұл заттарды ұрлаған не ұрламағандығы тексерілуде.

Күдікті қазіргі уақытта Орал қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторында қамауда. 

Соңғы жаңалықтар