Орал қаласында «Бәйтерек» жабық базары өртеніп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Орал қаласында «Бәйтерек» жабық базары өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 4 маусым күні Әбілқайыр хан даңғылы 80/2-мекенжайында болды.

«Сағат 22.53-те «Бәйтерек» жабық базарының сауда павильоны жанып жатқаны жөнінде хабар түскен. Оқиға орнында өрт сөндіру бөлімдерінен 23 адам 5 техникамен жұмыс істеп жатыр. Өрттің неден шыққаны, жалынның қанша аумақты шарпығаны анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да белгісіз біреудің «Тойота Камри» автокөлігін жағып жібергенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар