Орал қаласында балаларға арналған саябақ ашылды

None
None
ОРАЛ. Қазанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қазанның 9-ында Орал қаласындағы Жастар мәдениет үйі жанынан балаларға арналған саябақ ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрылыс жұмысына 42 млн. теңге жұмсалды. Екі ай мерзімде саябақты іске қосқан «Экспо» ЖШС директоры Александр Наугольнов бейнелі кілтті Жастар мәдениет үйінің директоры Феликс Баюканскийге табыс етті. Мұнда бір мезетте 40-50 бала еркін ойнай алады. Ол үшін әткеншектер мен автодром, орындықтар жеткілікті орнатылған.

Соңғы жаңалықтар