+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Орал қаласы маңында орман алқабы өртенді

2021 жылғы 14 қазан 22:20
Бөлісіңіз:
Орал қаласы маңында орман алқабы өртенді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласы маңында орман алқабы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде қоқыс полигоны өртеніп, ауаға азот диоксиді тарады Ақмола облысында мектептен өрт шықты БҚО-да коронавирус жұқтырғандардың дені – вакцина алмағандар

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 14 қазан күні сағат 17.51-де 1-саяжай ауданында болды.

Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумағында 7 гектар құрғақ шөп және 8 гектар орман алқабы (қайың, қараағаш) отқа оранды.

Жел екпіні (секундына 8-10 метр) өртті сөндіруді қиындата түсуде.

Өрт сағат 19.11-де оқшауланды.

«Тілсіз жауды» ауыздықтауға ТЖ департаменті (35 қызметкер, 7 техника), орман шаруашылығы мекемесі (5 қызметкер, 1 техника) жұмылдырылды.

Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда екі тұрғын үйде өрт болып, 17 адамның эвакуацияланғанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT