+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Орал қаласы құрылыс бөлімінің басшысы пара алды деген күдікпен тергеліп жатыр

2021 жылғы 13 қазан 18:52
Бөлісіңіз:
Орал қаласы құрылыс бөлімінің басшысы пара алды деген күдікпен тергеліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі «Орал қаласы бойынша құрылыс бөлімі» ММ басшысына қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Марат Ахметжанов: Бизнес саласында жемқорлыққа қарсы стандарттар енгізу қажет Атырауда күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары 7 жылға сотталды СҚО-да 26 меморган сатып алу бағасын 300 млн теңгеге негізсіз көтеріп жіберген

Ол 2020 жылдың қазан айынан бастап 2021 жылдың 11 қазанына дейін «Н»-ның сыбайластығы арқылы ЖШС директоры «Ш»-дан пандемия кезеңінде арнайы тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға жәрдем көрсеткен. Сондай-ақ Орал қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 2,2 млрд теңгенің екі 9 қабатты тұрғын үйінің құрылысы бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін бұрын келісілген аса ірі мөлшердегі 170,0 млн. теңгенің 134,0 млн теңгесін пара ретінде алған.

«Орал қаласы бойынша құрылыс бөлімі» ММ басшысы және азамат «Н» ҚР ҚПК 128-бабы тәртібінде ұсталып, Орал қаласының УҰИ-на қамауға алынды»,-делінген жемқорлықпен күрес қызметінің баспасөз қызметі таратқан ақпараттта.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT