«Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасын» сенімді басқаруға беру көзделуде

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасын» сенімді басқаруға беру көзделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы аталмыш ЖШС-ны дамыту мәселелері бойынша өткен отырыста белгілі болды.

Кездесу барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов стансаны өңірдері ірі егін өсіретін компанияларға сенімді басқаруға беру туралы ұсыныс енгізді.

«Ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасы мұндай компанияларсыз жұмыс жасай алмайды. Жағдайды түзеп, тұқым қорын жасақтау үшін бірлесіп жұмыс жасау қажет», деді И.Стексов.

«Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасы» ЖШС директоры міндетін атқарушы Валентина Лиманскаяның сөзіне қарағанда, биыл өңірде егіннен орташа әр гектардан 6 центнерден ғана өнім алынды. Дәрі-дәрмек, гербицид, тыңайтқыштар жеткілікті болғанымен, құрғақшылық та әсер етті. «Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасы» - облыста элиталық тұқым дайындайтын бірден-бір шаруашылық. Сонымен қатар герефорд тұқымды мал төлін де өсіреді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы егін және тұқымдық инспекция бөлімінің басшысы Кеңес Қайдашев жуырда елордада өткен агрофорумда хабардар етілгеніндей, алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап төменгі нормаға байланысты жаңа тетік енгізілетінін, оған барлық шаруашылықтар қатысуы керектігін жеткізді. Сонымен қатар тұқым сұрыптауды жаңартуға қатыспаған тауар өндірушілерден жер телімдері кері алынатын болады.

Осыған дейін батысқазақстандық университетте студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылғандығын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар