Орал әуежайында перрон мен ұшақ тұратын орынға қайта құру жұмыстары жүргізіледі

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал әуежайында перрон мен ұшақ тұратын орынға қайта құру жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл туралы «М.Мәметова атындағы халықаралық әуежай» ЖШС директоры Азамат Тұраш мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстан авиация хабарламасы бойынша Орал әуежайының перроны мен ұшақ тұратын орнына Airbus-320 сияқты массасы үлкен ұшақтарды қабылдауға шектеу қойылады.

«Оның себебі - перрон мен ұшақ тұратын орын ескірген. Оған қайта құру жұмыстарын жүргізу қажет. Сол себепті FlyArystan әуе компаниясы 1 тамыздан бастап ішкі бағыттағы рейстерді тоқтатуға мәжбүр болып отыр. Оның орнына AirAstana әуе компаниясының Embraer секілді жеңіл ұшақтары ұшатын болады. Перрон мен ұшақ тұратын орынды қайта құру жұмыстарын жүргізу 2023-2024 жылдарға жоспарланып отыр», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Тұраш.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын FlyArystan Оралға жасалатын ішкі рейстерді тоқтатанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар