Орал-Атырау жолы бойында жол-көлік оқиғалары жиілеп отыр

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жол апаттары өткен жылғыдан азайып отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық жол полициясы басқармасының бастығы Төлеу Бедровтың айтуынша, жыл басынан бері 186 жол-көлік оқиғасы орын алып, 60 адам көз жұмса, 177-сі түрлі дене жарақатын алды. Өткен жылы осы кезеңде 227 жол апаты болып, 69 адам қаза тапса, 219-ы жарақаттанған еді. Былайша айтқанда, жол-көлік оқиғасы - 18,1, мерт болғандар - 13, жарақаттанғандар саны 19,2 пайызға азайып отыр.

Дегенмен Орал-Атырау жолы күрделі күйінде қалуда. Мұнда тек биылдың өзінде 17 жол апатынан (өткен жылы осы мерзімде - 14) 21 адам (13) қайтса, 19-ы ( 12 ) түрлі жарақат алды. Осы жағдай ескеріліп, қазір бұл жолға бұрынғыдай екі емес, төрт бірдей патрульдік экипаж шығарылып отыр.

Соңғы жаңалықтар