«Орал» ӘКК» ұлттық компаниясының басшысы ауысты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Дияс Асқарұлы Жәнібеков «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов жаңа басшыны корпорация ұжымына таныстырды.

Дияс Жәнібеков 1984 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін құқықтану бакалавры, «Ла Сапиенца» Рим университетін әлеуметтік ғылым және гуманитарлық қатынас магистрі, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін экономика бакалавры бойынша бітірген.

Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің жетекші маманы, сарапшысы, БҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі активтерді басқару департаменті директорының орынбасары, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Атырау облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

Бүгінге дейін «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары болып жұмыс жасады.

Еске сала кетейік, бұған дейін БҚО-да қос басқармаға жаңа басшылар тағайындалғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар