Oracle компаниясы Tik-Tok-ты сатып алып жатыр

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Oracle компаниясы Tik-Tok қосымшасын сатып алғанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN Business сайтына сілтеме жасап.

Дүйсенбіде Oracle компаниясы Tik-Tok қолданбасының иесі – Byte Dance қытайлық компаниясымен жасалған келісім туралы ақпаратты растады. Бұл компания америкалық нарықтағы «сенімді технологиялық өнім ұсынушы» болмақ.

Осы демалыс күндері Byte Dance АҚШ-тың Қаржы министрлігіне мәміле туралы ұсыныс жіберді, ал кеше АҚШ-тың қаржы министрі Стивен Мнучин үкімет оны бір апта ішінде қарастыруды жоспарлап отырғанын айтты.

«Билік америкалықтардың деректерінің қауіпсіз екендігіне көз жеткізуі керек. Америкалықтардың смартфондарында қолданылатын технология қауіпсіз болуы тиіс және деректердің бұрмалануына әкелмеуі керек», – деп түсіндірді ол.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тағы барлық Tik-Tok операцияларын штаб-пәтері Бейжіңде орналасқан Byte Dance бас компаниясынан бөлуді талап еткен болатын. 14 тамызда Ақ үй әкімшілігі Byte Dance АҚШ-тағы Tik-Tok қосымшасымен байланысты бизнесін сатуға немесе бөлуге, сондай-ақ америкалық пайдаланушылардың Tik-Tok шоттарының барлық көшірмелерін жоюға арналған жарлық шығарды.

Дональд Трамп және басқа америкалық саясаткерлер бұл қосымшаның ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретінін айтқан болатын. Олардың пікірінше, қолданбаға ие компания пайдаланушыларды қадағалап, олардың деректерін Қытай билігіне беріп отырады. Алайда TikTok тағылған айыптауды жоққа шығарды.

Tik-Tok қосымшасының америкалық сегментін сатып алуға бұрын қызығушылық танытқан компаниялар: Microsoft, Twitter және Walmart, алайда Microsoft 13 қыркүйекте Byte Dance олардың ұсынысынан бас тартқанын хабарлады. Tik-Tok – қытайлық Byte Dance компаниясына тиесілі қысқа бейнероликтер жасауға және көруге арналған танымал қолданба.

Бағдарлама ең жылдам өсіп келе жатқан және көп жүктелетін бағдарламалардың бірі не айналды. Пайдаланушыларының саны 1 миллиардтан асты. 2019 жылдың аяғынан бастап кейбір елдер өз аумағында қолданбаны пайдалануға шектеулер енгізе бастады.

Соңғы жаңалықтар