Оппозиция кезектен тыс президент сайлауына өз кандидатын ұсынды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Нұрлан Әуесбаевты кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бүгін партияның кезектен тыс XIX съезі өтті.

Онда президенттікке кандидат ретінде Нұрлан Әуесбаев ұсынылып, жиналғандар бұл ұсынысты қолдаған.

Аталған партия мәліметінше, заңгер әрі экономист Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаев 1957 жылдың 17 мамырында Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

2021 жылы ЖСДП-ның Астана филиалының төрағасы болып сайланған.

Айта кетейік, кеше «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтіп, онда президент сайлауына үміткер ретінде Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы Жигули Дайрабаев бекітілген еді.

Ал 6 қазанда AMANAT, «Ақ жол» мен Қазақстан халық партияларының съезі өтеді. Онда аталған саяси ұйымдар өз кандидаттарын ұсынбақ.

Кезектен тыс президент сайлауы 20 қараша күні өтеді.


Фото: informburo.kz





Соңғы жаңалықтар